Басты жаңалықтар

Әнші Димаш Құдайбергеннің ата-анасы қандай келін қалайтындарын ашық айтты (фото)

Отандық танымал әншінің ата-анасы Димаш Құдайбергеннің болашақ жары ретінде қандай қызды көретіндерін жайып салды

Димаштың жасы небәрі 24-те болғанымен, ол тек қазақстандық қыздардың ғана емес,  бүкіл әлем бойжеткендерінің асыл арманына айналғанына қашан. Отандық әншінің жұмыс кестесі лық толы болғандықтан, жеке өміріне әзірге мүлде уақыты жоқ. Алайда жұлдызды жігіттің ата-анасы оның болашақта отбасын құрарына үмітті.

Димаштың ата-анасы ұлына қалындық таңдауда толығымен еркіндік беретіндерін айтты. Олар перзентінің болашақ жарын өзі тауып қосылғанын қалайды.

 width=

"Ол жүрек қалауы бойынша болады. Алайда, біз келініміздің енесі сияқты сұлу болса дейміз" , - деп күле айтты Қанат Айтбаев.