Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атышулы челледжді орындаған Баян Алагөзова елді күлкіге қарық қылды (видео)

Атышулы челледжді орындаған Баян Алагөзова елді күлкіге қарық қылды (видео)
ашық дереккөз
Мысырда жүрген демалысынан сурет пен бейнежазбаларды жүктеп жүретін продюсер желі қолданушыларын кезекті жазбасымен таңғалдырды
Продюсер қазір өз жұбайымен, қызы Айарумен және сіңлісі Бағым Мұхитденовамен бірге Мысырда  демалуда.

Күні кеше демалыстарын қызықты өткізгісі келген жұлдызды отбасы әйгілі "Kiki challange" биін ерекше орындаған екен.

Тұрсын Алагөзовтің жүктеген бұл видеосының астына желі қолданушылары "Керемет отбасы" , "Ең күшті кики" , "Аға-апайлар, қойыңыздар", "Сайқымазақтар" деген сынды алуан түрлі пікірлер жазыпты.

Жазбаға "Біздің менталитет бойынша 40 жастан асқан адам өзін тірідей көміп тастау керек, оларға мұндай би билемеу керек екен ғой. Керісінше, бұл уақытта өмірдің рахатын сезіну керек, жас деген тек қана біздің ойымызда", "Өте күлкілісіздер, көңіл-күйімді көтеріп тастадыңыздар. Демалыстарыңыз сәтті өтсін!", "Баян 25 жастағы қыз сияқты" деген де пікірлер де жазылған.

https://www.instagram.com/p/Bm1dXEwHGUs/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар