Басты жаңалықтар
Жігіт қашып кетті: Қыз сүйіктісіне жаңа көлік пен шабадан толы доллар беріп үйленуге ұсыныс жасады
- автор kyn.kz
- 26 тамыз, 2018
- 280
Бірақ жігіт қалталы бойжеткенмен үш жыл бойы бірге жүрсе де үйленбейтінін айтып қашып кетті
Қытай қызы Сяо Цзин үш жыл жүрген жігітінің биіктен қорқатын фобиясы үшін бір шешімге келе алмай жүрген. Бойжеткен ақыры ойланып, жігітінің бойындағы сол қорқынышты жеңуге көмектеспек болады.
Су жаңа жол талғамайтын көлік пен шабадан толы долларды арқалаған қыз той көйлегін киіп The Fuxi Mountain Skywalk шыны көпірінің келесі басына өтіп алады. Жігіттің достары болса күйеу жігітке тосынсый ретінде оны сол көпірдің қасына алып келеді.
Бойжеткен көпірдің арғы басында тұрып жігітіне "Саған тұрмысқа шыққым келеді. Ата-анам да бұл шешімімді құптап отыр. Бірақ менің бір шартым бар. Сенің биіктіктен қорқатының ұнамайды. Сол себепті көпірді басып өтіп қасыма келсең, мына байлықтың барлығы сенікі. Өзімді де қосып аласың" деп түсіндіреді.
Бойындағы қорқынышын жеңе алмаған жігіт қанша талпынғанымен көпірдің жартысына да жете алмапты. Соңында ашуға мініп, үш жыл жүрген сезімді аяқ асты еттің деп қыды кінәлап, оқиға орынынан кетіп қалады.
Ал қалыңдық сыйлыққа дайындаған бар дүниесін өзі арқалап қайтып кеткен. Ал көпірді тамашалап жүргендер болған жағдайды жарыса телефондарына түсіріп тұрыпты.