Азия ойындарында Қазақстан қоржынына кезекті алтын түсті
Джиу-джитсудан 77 келіде ел намысын қорғаған Руслан Исраилов Азиада чемпионы атанды
Руслан Исраилов финалдық сында қырғызстандық Нұрсұлтан Әлімқұловпен бірге түсіп, оны жеңіп алды.
Бұл джиу-джитсу шеберлері жеңіп алған екінші алтын еді. Күні кеше Дархан Нортаев чемпиондық атақты иеленген болатын.
Сондай-ақ, 85 келідегі А. Гаврюлок қола медаль үшін күресте қырғыз спортшысын жеңді.
Айта кетейік, бүл Азия ойындарында қоржынымызға түскен бесінші алтын.