Басты жаңалықтар

Тойға бара жатып, жаназаға кетіп қалдық: Шымкентте жантүршігерлік жол апаты болды 

Шымкент қаласының орталығында орын алған жол көлік оқиғасында үш адам қайтыс болды. Олар жер қойнауына тапсырылды.

Үш көлік соғысқан аварияда екі айлық бала, қайын ене және келіндері қаза тапты. Туысқандарының айтуынша, олардың барлығы (шамамен 250 адам) тойға келе жатқан екен. Баланы қырқынан шығаруға арналған тойды тойлау үшін Қазақстанның әртүрлі қалаларынан Шымкентке жиналған екен. Қайтыс болған сәбиді ата-анасы жеті жыл күткен көрінеді. “Әйелім екеуміз баланың дүниеге келуін көп күттік. Біздің тұңғышымыз. Сол күні менің анам, әйелім қызымызбен бірге “Дэо Джентра” көлігімен әпкемнің үйінен қайтып келе жатқан. Қонаев желекжолының бағытымен Рысқұлов көшесінде тұрған олар, Адырбекова көшесіне бұрылуға шешім қабылдайды. Бірақ олардың ойлағандары жүзеге аспайды. Анамның көлігіне “Мерседес” келіп соғылды. Әйелім қызыммен бірге көліктен ұшып кетті. Әйелімнің басы түгелімен жарылған”, — дейді марқұмның күйеуі. Шымкенттік Медициналық Жедел Жәрдем Ауруханасы қазіргі уақытта “Мерседес Бенс” көлігінің жолаушысын өлім аузынан аман алып қалуға ұмтылуда. 1996 жылғы азаматша ауыр хәлде  жан сақтау бөліміне жеткізілді.  “Мерседес” жүргізушісі, 1999 жылғы тұрғынға да дәрігерлердің көмегі қажет. Шымкентегі ІІД-нің ақпараты бойынша, бұл факт ҚР Қылмыстық Кодексінің “Жолда жүру ережесін бұзу немесе көлік жүргізушісінің көлікпен өзгелерді қанау” бабы бойынша тіркелген.