Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

БҚО-да аудан әкімі қызметтік пәтерін жөндеуге қалайша 24 млн теңге жұмсағанын түсіндірді

БҚО-да аудан әкімі қызметтік пәтерін жөндеуге қалайша  24 млн теңге жұмсағанын түсіндірді
ашық дереккөз
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі Санжар Алиевтің айтуынша, қызметтік коттедждің жөндеу жұмыстары салық төлеушілерге тендерде жарияланған сомадан әлдеқайда төмен болуы мүмкін
Санжар Алиев өзінің  қызметтік пәтерінің жөндеу жұмыстарына кететін шығынның қарқынды талқыланып жатқанынан хабардар. Әкімнің айтуынша, үйді 2001 жылы коммуналдық меншік сатып алған. Ал, зәулім коттеджде 2016 жылдан бері жөндеу жұмыстары жүргізілмепті. «Қазіргі уақытта үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет. Толығырақ түсінікті болу үшін үйдің қай жеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу керек екенін суретке түсіріп, әлеуметтік желіге салуды жоспарлап отырмын. Біріншіден, бұл ашық конкурс. Жөндеу жұмыстарын жүргізуге кез-келген компания қатыса алады. Мұнда жөндеу жұмыстарымен айналысатын компания қалай бағалайды соған байланысты болмақ. Егер олар өздерінің арзан матералдарын алып келсе, үйге қажетті жөндеу жұмыстарын сонымен жасай алады. Яғни, бұл конкурс бойынша анықталады. Кім біледі жөндеуге кететін қаражат алғашында көрсетілген сомадан екі есе аз болу мүмкін. Екіншіден, бұл үйді жөндеу үшін бюджетте ақша жоқ. Бұл үй бюджетті үнемдеу есебінен жөнделеді», – деп түсіндірді аудан әкімі.  width=
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар