Астанада күшті желден қираған Пирамида əлі жөндеу жұмыстарын көрмеді (фото)
Астанада маусым айында болған күшті жел мен жауынның салдарынан қираған "Пирамида" əлі күнге дейін жөнделмей, сол қалпы тұр
Елордада мамыр айында болған қатты жел мен нөсердің салдарынан қаланың басты нысаны саналатын "Пирамиданың" сыртқы келбетінің күл-талқаны шыққан еді. Өкініштісі, ғимарат сырты əлі күнге дейін жөнделмеген. "Біз "Пирамиданың" жанындағы "Гранд Астана" тұрғын-үй кешенінде тұрамыз. Мына жерден бəрі көрініп тұрады. Жел мен жаңбыр болғалы қай заман? Бірақ көргендеріңіздей бəрі сол қалпы тұр. Бізден бұрын, қала қонақтарынан ұят. Анау төбесіндегі шыныларды алыстан қарағанда ауытырған сияқты болып көрініп тұрады. Бірақ жақыннан көргендеріңіздей, бəрі бəз баяғы қалпы. Тездетіп жөндемесе, қысқа аз уақыт қалды",-дейді қала тұрғындары.
"Бұған көзіміз үйренген. Астананың кез келген көшесінен мұндайды жиі кездестіресіз. Қисық-қисық, тілім-тілім жол. Бəрі белгілі дүние ғой, осыған бөлетін ақшаларды жеп қояды да, осылай сапасыз жолдар пайда болады", - дейді тұрғындар.