Басты жаңалықтар

"Ол сондай жиіркенішті": Нағима Есқалиева Дильназ Ахмадиева туралы өз пікірін ашық айтты (видео)

Әнші Нағима Есқалиева Дильназ Ахмадиевамен ара-қатынасы қандай екенін жайып салды 

X-Factor бағдарламасының жетінші кезеңінде әділ-қазы алқасы "алтын құрам"-Нағима Есқалиева, Дильназ Ахмадиева және Нұрберген Махамбетов болғаны белгілі.

https://www.instagram.com/p/0VTISur4Ek/?utm_source=ig_web_copy_link

Осы орайда, бағдарлама жүргізушісі Нағима Хабдулқызы мен Дильназ Ахмадиеваның ара-қатынасы туралы білгісі келетінін айтты.

Бұл сұраққа ойланбастан жауап берген әнші Дильназ Ахмадиеваның Қазақстандағы ең мықты орындаушылардың бірі екенін жеткізді.

"Ол сондай жиіркенішті, бірақ оған құқы бар. Өйткені, Дильназ өте сауатты, жақсы әнші. Иә, қақтығыстар болып тұрады. Алайда , ол таза импровизация. "Дильназ Ахмадиевамен қатар маған Мақпал Исабекова ұнайды. Ол бұрын "онша емес" болса да, қазір сенімді қадамдар жасап жүр, беделі де артқан. Сондай-ақ, "КешYou"- дің барлық қыздары менің көңілімнен шығады", - деді әнші. https://youtu.be/6t7zb2d6ujc