Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әйеліме ұнамай қалды: Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатылымға шығарды

Әйеліме ұнамай қалды: Қазақстандық бай-манап елді шулатқан Париждегі қымбат үйін сатылымға шығарды
ашық дереккөз
Парижде 65 миллион еуроға пәтер сатып алған қазақстандық баспанасын сатып жатыр
Қазақстандық миллионер француз астанасының бай ауданында орналасқан сән-салтанатты пәтерді сатқалы жатыр. SPA-зонасы, брондалған қорғаныс бөлмесі бар баспана үшін үй иесі 125 миллион еуро сұрап отыр. Бұл пәтерді сатып алған бағасынан екі есе қымбат. Бельгиялық риелтор Игнас Мювиссен Sputnik агенттігіне айтқандай, пәтер қазақстандықтың әйеліне ұнамай қалыпты. "Қазақстандықтың әйелі енді бұл үйде тұрғысы келмейді", — дейді брокер. Қоғамның назарына іліккен құны 65 миллион еуро тұратын пәтер иесінің кім екенін риелтор құпия сақтап отыр. Бірақ Қазақстанның мемлекеттік кірістер комитеті оның шенеунік емес екенін мәлімдеді. Пәтердің ауданы 1200 шаршы метр. Бұрынғы қожайыны бірнеше пәтерді біріктірген екен. Бес жатын бөлмесі, бес жуынатын бөлме, SPA-зона, персонал мен күзетке арналған жеке бөлмелер бар.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар