Басты жаңалықтар

Үлкен спортқа оралды: Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло жанкүйерлерін қуантты

Отандық танымал спортшылар Илья Ильян мен Зульфия Чиншанло үлкен спортқа оралды. Олар 28 тамызбен 2 қыркүйек арасында Талдықорғанда өтетін ел чемпионатына қатысатын болады

Еліміздің ұлттық құраманың бапкері Юрий Мельниковтың айтуынша, Ашхабадта өтетін Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі басталды. Оған  зілтемір көтеруден  Нижат Рахимов, Жазира Жаппарқұл, Александр Зайчиков, Денис Уланов, Карина Горичева және тағы да бірқатар танымал спортшылар қатысады екен.

"Оған қоса, спорттан шеттетілу мерзімдері аяқталған Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло да ел чемпионатында бой көрсетпек"- деп айтты Юрий Мельников.

Айта кетейік, Ел чемпионаты 28 тамыз бен 2 қыркүйек күндері аралығында болады. Ал бұл турнир Ашхабадта өтетін Әлем чемпионатына басты іріктеу болады.