Басты жаңалықтар
Әр айтқан сөзі алтыннан да бағалы: Денис Теннің құрбысы досы туралы қызықты жайттарды айтты
- автор kyn.kz
- 27 тамыз, 2018
- 213
Спортшының жақын досы Айгелия Мурзабекова Денистің спортшы емес, дос ретінде қандай тұлға болғанын айтып берді.
Денис Теннің жан құрбысымен Stan.kz ақпараттық агенттігінің тілшісі тілдесіп қайтқан еді. -Дениске қарап оның өмірде жайдары мінезді, көңілді адам болғанын бәріміз білеміз. Екеуіңіз қай жылдан бастап доссыздар? Денистен нені үйренгеніңізді айтып бере аласыз ба? -Біз 2011 жылдың қысынан бастап доспыз. Денис маған нені үйретті деген сұраққа қысқа жауап берудің өзі қиын. Ол әрдайым үлгі келтіру арқылы маған бірнәрсені үйрететін. Мен үшін Денис бірінші кезекте, рухани байлығы бар, шексіз сұлу Жан иесі еді. Оның адамдарға деген қарым-қатынасын осыған дәлел ретінде келтіре аламын. Денистің қаншама кедергілерге тап болғанын саусақпен санай алмайсың.
Әр қиындыққа жолыққанда Денистің беріле салуға мүмкіндігі бар еді. Бірақ ол қатыгезденбей, өз жолын ары қарай жалғастыра білді. Өзінің нұрын төгіп, ата-анасы, елі, оны жақсы көріп, оған сенген барлық адамдар үшін алға жылжуға ұмтылатын. Оның біреуге өкпелуге, біреудің ісін әділетсіз деп айтуға құқығы болды. Дегенмен ол мәдениетті болған соң, өзге адамды төмендету үшін ауыр сөздерді айтпайтын. Бір Ұстаз (оны солай атайын) маған адамның құмыраға ұқсайтынын айтқан еді. Адам махаббатқа толып тұрған кезде ғана оны өзгеге сыйлай алады. Ал Денистің бойынан шынайы, ғажап махаббат тасып тұратын. Ол Ғаламдық Энергияның Нұрына ұқсайтын. Денис ешқашан өзге азаматтарға дөрекілік танытып, айғайлап, басқаларды сөккен емес. -Расында, бұл бүгінгі күні барлық адамдардың бойынан табыла бермейтін қасиет қой. -Сочи қаласында өткен Олимпиададан ол бұрынғыдан да ақылдырақ әрі өз-өзін одан да қатты сынайтын тұлға ретінде қайтып келді. Ол әрбір жетістігінен соң, өзін саралайтын. Әрбір жетістігінен соң, оның адамгершілігі арта түсетін. Таңғаларлық жайт, солай емес пе? Денис маған әрдайым өмірде, жеке өмірімде де маңызды нәрсені екінші дүниеден ажырата білуді үйреткісі келетін. Онымен араласқан адамдар сияқты мен де, Денистің жанында жүріп, барлық қарым-қатынастарда жақсара түстім. Басқаша болу мүмкін емес еді. -Дениспен бірге қалдырған естеліктердің қайсысы сіз үшін бағалырақ? Бізбен бөліссеңіз. -Сұрағыңызға жауап беру маған қиынға соғады ма деп қорқамын. Себебі, біздің естеліктеріміз көп. Олардың әрқайсысы мен үшін бағалы. Онымен бірге өткізген әрбір сәтті, мейлі ол ұялы телефонға келген хабарлама, әңгімелер, хаттар болсын — барлығын ұмыту мүмкін емес. Онымен бірге әңгімелесудің өзі бір ғанибет еді. Асыра сілтеп айтып тұрған жоқпын. Дениспен араласқандар мені түсінеді деп ойлаймын. Тіпті екеуміз әр апта немесе әр күн сайын бір-бірімізге қоңырау шалмай, жазыспай жүрген күннің өзінде Денистің әрдайым менің жанымда екенін білдім. Өмірімде қандай жағдайлар болмасын, жанымнан табылатын. Ол — өмірімнің, жанымның, жанұямның ажырамас бөлшегі.
Бір күні екеуміз қаладағы “Андерсен” кафесіне бардық. Кіре берістен сөреден қойылтылған сүті бар тәтті түтікшелерді көріп “мен жақсы көретін түтікшелер бар екен, балалық шақты еске салады” деп айттым. Сосын біз далаға шықтық, кенет Денис бір жаққа кетіп қалды. Қайттан қайтып келді. Артынша 5 минуттан соң кафенің даяршысы қасыма келіп, қолыма “кафе сыйлығы” деп зілдей пакетті ұстатты. Денис сол күні кафеде қалған барлық тәтті түтікшелерді сатып алған екен. Олардың көп болғаны сонша, бір айға жететін еді. Осындай естеліктер көп.
Бір кездері мен қатты ауырып қалдым. Белгілі бір жайттарға байланысты емделу үшін Алматыға келдім. Денистің менімен кездесуге үш күні бар еді. Жұмыс кестесі бойынша үш күннің біреуінде де Денистің қолы бос емес болған. Түсірілімі, кездесулері, сұхбаты бар дегендей. Бірақ сол кезде оның маған барлық кездесулерін кейінге қалдырғанын айтып, қоңырау шалғаны есімде. Осы қысқа ғана әңгімеміздің құндылығын жеткізу үшін, өмірімнің алдыңғы екі жылын сипаттап беру керек. Арамыздағы қысқа диалог менің санамды, өмірімді өзгертті деп айта аламын. Дәл осындай қамқорлықты тек Денис қана таныта алатын. Білесіз бе, сіздің сұрағыңызға жауап бергенге қарағанда, маған кітапты жазып тастау оңайырақ (күліп). Қысқа жауап бере алмаймын. -Денис әрдайым күліп, қалжыңдап жүретін. Сізбен қалай қалжыңдасатын? -Жағдайы жақсы, жаман болсын, ол әрдайым қалжындайтын. Бірнеше сағат бойы байсалды тақырыптарды талқылап, соңына келгенде қалжыңдап кететін. Мен үшін балаларым ең басты көрсеткіш. Оларды алдай алмайсың, күл деп қинай да алмайсың. Ал Дениспен балаларым әрдайым күліп жүретін. Менің қызымды күлдіру өте қиын. Бірнеше сағат бойы Денис оларға өзі ойынан шығарған ертегілерді айтып беретін. Біресе Қазы есімді ат пен оның құлыншағы туралы, біресе басқа планеталық туралы ертегілерді баяндайтын. Бір жағынан қарасаң, дым да күлкілі емес (күліп). Бірақ балаларға ұнайтын. Оның қайдан ғана осындай балажан болғанына қайран қаламын. -Өзінің әлсіз тұстарын көрсететін бе еді? Үрей, қорқыныштарымен бөлісуші ме еді? -Әлсіз тұстарымды көрсеткен емеспін деп айтатын. Бірақ шындығына келгенде Денисте олар жоқ еді. Дәл қазіргі уақытта мен оның бойында қорқыныштың да болмағанын түсіндім. Уайымдайтын, бірақ қорықпайтын. -Денистің спортты жанынан артық жақсы көргені белгілі. Дәл спортты жақсы көргендей, сүйген қызы бар болды ма? She won’t be mine әнін кімге арнағанын білесіз бе? -Денистің өзі айтқандай, ол сұлулықты сүйетін. Әдемі дүниеге ғашық болатын. Бірақ белгісіз уақыттан кейін суып кететін. Егер адамды ұнатса, сезімі мәңгілікке ұласатын. Барлық адамдардан, барлығының Жан дүниесіне үңілетін. Денистің пікірінше, She won’t be mine өлеңі мүлдем жауапсыз махаббат туралы емес. Керісінше, мүмкін емес сезімдер жайында. Егер ойланып қарасаңыз, “жауапсыз” бен “мүмкін емес ” деген екі түсініктің айырмашылығы бар. Ал She won’t be mine әнін Денис бірнеше жылдар бойы жазды деп ойлаймын. 2015 жылдың өзінде ол төрт құрлықтың чемпионатында өнер көрсету үшін бір әнге хореография дайындаған еді. Сол кезде хореографияның мүмкін емес махаббат жайлы жазылған әнге арналатынын айтқан.
Келесі мақала