Басты жаңалықтар

Қазақстандық гимнасшылар Азиаданың чемпионы атанды

Көркем гимнастикадан Қазақстан командасы ел қоржынына Азиаданың жетінші алтын жүлдесін салды.

Бұл сында ел намысын Алина Әділханова, Даяна Әбдірбекова және Адиля Тілекенова қорғаған болатын. Біздің команда жалпы есебі 159.850 ұпай жинап, Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды. Екінші орында Өзбекстан, үшінші сатыда Оңтүстік Корея спортшылары.