Сенсация: Отандық танымал тележүргізуші Ресей жаңалықтарын тізгіндейді
Қазақстандық телевизияның бетке ұстары Гүлназ Ауданбаева Ресей жаңалықтарын жүргізетін болады.
Гүлназ Ауданбаева- "Қазақстан", "Еуразия" және 7 арнада тележүргізуші болған тәжірибелі маман. Бүгінде,көрші елге қоныс аударғалы отыр.
Отандық телевизияның майталманына айналған Гүлназ Ауданбаева Ресей жаңалықтарының тізгініне көшпек ойы бар екен.
Отандық тележүргізуші бұл хабарды өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы хабарлаған. Кәсіби тұрғысындағы мұндай өзгерісті ол бірінші болып оқырмандарымен бөлісуді жөн көріп, олардан кеңес сұрапты.
"Сенсация! Гүлназ Ауданбаева орысша жаңалықтар жүргізбек. Өйткені Москваға Останкиноға жұмысқа кетейін деп жатыр. "Сен келмесең болмайды деп қоймай шақырып жатыр". Білмеймін тіпті барсам ма, бармасам ба. Аздап шығатын əдемі қазақы акцентімнен айналдым", - деп жазды тележүргізуші. https://www.instagram.com/p/Bm--q49gQmF/?utm_source=ig_web_copy_link
Алайда, отандық тележүргізуші бұл мәлімдемесін уақыт өте әзіл болғанын да жеткізді.
"Алдыңғы видеома көп тілек жазыпсыздар. Амин, жақсы тілектің артығы жоқ. Бірақ əзіл ғой Москва туралы. Өмірі орысша жүргізбегесін қызық көріп бөліскенім ғой. Басқа елге кететін жоспарым жоқ. Смайликтерді үйіп қойғаным да сол.
Бірақ мені орысша кастингке шақырғаны рас. Басқа арнаға. Мен қызық үшін барып көрдім. Жалпы, бойымдағы осы қасиет үшін Аллаға ризамын. Қорықпай тəуекелге бел байлайтыным бар. Мысалы орыс тіліне өз тілімдей судай болмасам да бағымды сынаудан бас тартпадым", - деп жазды Гүлназ Ауданбаева.
https://www.instagram.com/p/Bm_YaVlgJXw/?utm_source=ig_web_copy_link