Басты жаңалықтар

Туған бауыры анасын ақша үшін теуіп өлтірген бойжеткен жан айқайын жеткізді

Бойжеткен ішімдікке салынып, ақша үшін туған анасын өлтірген ағасының әрекетінің барлығын жайып салды

Жас қыздың айтуынша, ауыры ішімдік ішіп, анасынан ақша сұраған екен.

" Былтыр анамнан айрылып калдым. Өз ажалынан өлсе жақсы ғой. Туған ағам ұрып, өлтірді. Ағам ішімдік ішетін еді. Анам зейнетақысын алған күні келіп, ақша сұраған. Бермеген соң, ішіп келіп, тепкінің астына алыпты. Экспертизаға берген едік, ішкі құрылыстарының барлығы жарылып кетіпті", - деген бойжеткен ағасының 8 жылға сотталғанын айтты.

"Анамды ауруханаға алып барғанымызда тірі еді. Таңғы 8-дерде қайтыс болды. Ағамыз бар болғаны 8 жылға сотталып кетті. Мұны басынан өткен адам ғана түсінетін шығар. Біз әлі қиналып жүрміз. Бауырыма сот ұзақ жыл беру үшін жүгіріп едім, нәтиже болмады. Бізде неліктен заң әлсіз? Әкем де 60-тан асқан. Әлі күнге сол үйде тұрады. Бізге білдірмей жылайды", - деген ару өзінің жанайқайын жеткізді.