Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістандық азамат мешіттегі пітір-садақа жәшігін ұрлап кетті

Түркістандық азамат мешіттегі пітір-садақа жәшігін ұрлап кетті
ашық дереккөз
Түркістан облысында белгісіз біреу Алла үйіндегі сейфтен 800 мың теңге мен теледидарды қолды еткен

Жаға ұстарлық жағдай ағымдағы жылдың Қасиетті Рамазан айында  Келес ауданы, Қызыл Әскер ауылындағы мешіттердің бірінде болған.

Құзырлы орган қызметкерлерінің  анықтағанындай, күдікті мешітке баса кіріп, ондағы теледидарды ұрлап кеткен. Тергеу барысында ұсталған тұлғаның екі ай бұрын сол мешіттің сейфінен 800 мыңнан астам теңге ақша ұрлағаны анықталған.

"Келес АІІБ-нің кезекші бөліміне жергілікті мешіттердің бірінде ұрлық жайты орын алғандығы туралы хабарлама түскен. Полицейлердің анықтауынша белгісіз тұлға мешітке баса кіріп, ондағы теледидарды ұрлап кеткен. Аталған жайт «ұрлық» бабы бойынша Келес АІІБ-нің СДТБТ-не тіркелген. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Келес АІІБ-нің полицейлері күдікті ретінде бұрын сотты болған Түркістан облысының тұрғынын ұстады"-деп хабарлайды Түркістан облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Мешіттегі пітір садақаны қолды еткен азаматтың өзге де ұрлаудың алты жайтына қатысы бар екендігі белгілі болған. Нақтырақ айтқанда, күдікті жеке үйлерді тонап және автокөлік ұрлығымен айналысқан. Сұқ қолды азаматтан зардап шеккендерге шамамен екі миллион теңге көлемінде шығын келген. Қазір аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар