Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Сізге жазушы болу керек: Жаңа қасиетімен танылған Абдуллин көпті тәнті етті (фото)

Сізге жазушы болу керек: Жаңа қасиетімен танылған Абдуллин көпті тәнті етті (фото)
ашық дереккөз
Танымал әнші Нұрболат Абдуллин Алматыға алғаш келген күні басынан өткерген қызықты оқиғасымен бөлісті

Нұрболат өзінің жүрекжарды жазбасын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.

Алматыға келіп, пойыздан түскен сәтінен бастап жұмыс орнына қалай барғанына дейін суреттеген әнші оқырмандарына жазушылық қабілетін барынша ашқан сыңайлы.

Барар жеріне "арзанға" жетіп алғанын айтқан ол әрмен қарай болған жағдай туралы былай дейді:

"Ми қайнау күнде таксидің ішінде демалуда оңай емес екен, кептеліс көрген көзім өзіме сене алар емес, орташажылдамдықпен әйтеуір мекен-жайға жеттім-ау.

Мектепке кірдім. Вахтёршы апай: "кімге келдің?" деді. Директордың есімін айттым. "А жақсы кабинеті анау тұр, кіре бер", - деді.

Есігін қақтым. - Иә? - Сәлеметсіз бе? - Сәлемет пе?! - Ааа, Нұрболат? қош келдің !(бұл кісіні бұрыннан танитынмын) Кел отыр. - Раxмет апай! - Иә? ауыл-ел аман... деген сұрақты әңгімемен 20-30 минуттай сөйлестік.

- Жұмысқа қабылдандың. Құттықтаймын деп әңгімесін тәмамдай келе "қайда орналастың?" деді. - Әзірге ешқайда, - деп қызардым. - Мәссаған бұл қалай болды. Ммм, онда бүгінше осы менің кабинетіме түнеп шық. Басқа шара бар ма. Одан кейін пәтер мәселесін реттейміз, - деді.

- Апай ұят болды ғой сізден. - Неге ұят? Енді далада қаламысың ?осы жерде түнеп шық. - Жақсы апай!"

"Негізінде кабинетінде түнеген былай тұрсын,пәтер қып тұрғың келед,үй сияқты бөлмесі", - деп аяқтаған Нұрболат.

Сондай-ақ, әнші бұл әңгіменің "жалғасы бар" деп оқырмандарын одан әрі қызықтыра түсіпті.

Желі қолданушылары болса Абдуллинге " сізге жазушы болу керек" екенін айтып, оқиғаның соңы немен аяқталғанын жарыса сұрады.

https://www.instagram.com/p/Bm3n8fcneTS/?utm_source=ig_web_copy_link
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар