Жандарбек ақындыққа қарағанда саудагерлікке көп көңіл бөлетін Тұрсынбаеваны ұятқа қалдырды
Бұлғақов: Ақынға қара сөзден "НЛ" оңай
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов әріптес әпкесі Айнұр Тұрсынбаевамен халық алдында әдемі әзілдесетінін бүкіл жұрт жақсы біледі. Өмірде де әпкелі-іні болып жақсы араласатын ақындар жиі дастарқандас болады. Соңғы кезде көпшілік Айнұр Тұрсынбаеваның ресейлік сауда маркасын жарнамалап, халықты ақша табуға шақырып жүргенін жақсы біледі. Тұрсынбаева соңғы жылдары желіде ақындығымен емес блогер әрі "саудагер" ретінде көп жұмыс істеп жүр. Мұны барша халық білгенімен, қатты сынай қойған жоқ. Ал ақын Жандарбек Бұлғақов болса астарлы әзілімен әпкесінің "саудагерге" айналғанын сынады. "Балыққа сяз судан терең оңай, Ақынға қара сөзден НЛ оңай",- деп жазды Бұлғақов. Көпшілік осы жазбаның астына әзілдің орынды әрі зілді екенін жазып жатты.