Басты жаңалықтар

Павлодар облысында жүк көлігі 11 сиырды таптап өтті (видео)

Омбы-Майқапшағай тас жолының 335-ші шақырымында КамАЗ көлігі сиырларды басып кетті

Желіде қызу талқыға түсіп, көптеген желі қолданушыларының ашуына тиген бейнежазбаға қатысты  ІІД-нің баспасөз қызметі мәлімдеме айтты. Олардың айтуынша,  оқиға "Мал айдау" белгісі болған жерде орын алған.

"Бақташы малды арнайы белгіленген жерде айдаған. Десе де, КамАЗ жүргізушісі 11 сиырды басып үлгерген. Мал Қызылтаң аулының тұрғындарына тиесілі. Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610 бабы 1 бөлімі бойынша әкімшілік іс ашылды", - дейді құзырлы мекемедегілер.

https://youtu.be/FVWFUD7SW1w