Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"О дүниеде де тыным жоқ": Жақындарының моласына барған қария шошып кетті (фото)

"О дүниеде де тыным жоқ": Жақындарының моласына барған қария шошып кетті (фото)
ашық дереккөз
Туыстарының бейітіне барған 81 жастағы зейнеткер Георгий Болдырев бейттегі шойын шынжырлар, тот баспайтын болаттан құйылған тұтқалар мен қоршаудың жартысы ұрланғанын көріп есеңгіреп қалды

Қарияның сөзінше, бұл алғаш рет болып жатқан жоқ. Бірінші келгенде, ұрылар алдымен апасының мәйітінің қоршауын ұрлап кетсе, енді ата-анасының қабіріне тыныштық бермеген.

Георгий Болдырев  ұрылар көбінесе 70-80 жылдары тұрғызылған, сапасы жоғары қоршауларды қолды ететінін айтты.

Христан зиратын сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер Сырым Кульчиевтің сөзінше, Мұсылман зиратынан да ұрлайтындар көп екенін айтады.

 width=

"Кеседі, аралайды, дайындап қояды да, зираттың қақпасы ашылғанда газельдермен келіп тиеп алып кетеді. Біз күмән туғызған жүк газельдерін жиі тексереміз. Кей жүргізушілер түсіністікпен қараса, кейбіреулері не тиеп келе жатқандарын көрсетуден бас тартады. Ал қарауылшылардың автокөлікті тексеруге құқығы жоқ", - дейді ол.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар