Басты жаңалықтар

Ақтөбеде "Киндер сюрприз" ұрлаған жас жігіт сотталды

Ақтөбелік 23 жастағы жігіт дүкеннен қораппен тұрған "Киндер сюрпризді" ұрлағаны үшін сотталып кетті

Ақтөбеде 23 жастағы жігіт бұған дейін да бірнеше ұрлық жасаған. Мәселен,сотталушының  Іс материалына сүйенсек,  ұры "Керуен сити" ойын-сауық кешенінде жүрген адамның қалтасынан "Iphone 6" ұялы телефонын жымқырып кеткен екен.

Ал қазір жасаған ұрлығы бойынша, №2 Ақтөбе қалалық сотында Қылмыстық кодекстің "Ұрлық" бабы бойынша іс қаралды.

Қылмыстық істі әрі қарай жалғастырып, сотталушы А.Азамат қаладағы ірі супермаркеттердің біріне кіріп, 37 дана "Киндер сюрпризді" алып кеткен. Сот отырысы кезінде айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, ұрлықпен тапқан заттарының бәрін сатқанын айтып берді.

Бұған дейін сот алдына келіп, екі тараптың татуласуынан соң қылмыстық іс тоқтатылса, соңғы істе ол "Ұрлық" бабы бойынша 1 жыл 6 айға бос бас бостандығынан айырылды.