Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жарасымды жұп: Ертіс жағасында жүрген Бүркіт пен Айдана Меденова елдің күдігін тудырды (фото)

Жарасымды жұп: Ертіс жағасында жүрген Бүркіт пен Айдана Меденова елдің күдігін тудырды (фото)
ашық дереккөз
Отандық эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Айдана Меденова бірге түскен суреттерін желіге салып, бастары "бәлеге" қалды

Желідегі жұрттың талқысына түскен суретті алдымен Бүркіт өз парақшасына салған.

https://www.instagram.com/p/BnDax_anXbw/?utm_source=ig_web_copy_link

"Сәлем! Ертістің бойында Айданамен!", - деп жазған әншіге оқырмандары сұрақты шетінен жаудырды.

Олардың басым бөлігі "Аиша қайда?" деген сауалға жауап іздесе, енді бірі қос әншінің "жарасымды жұп" екенін жазған.

Сәлден соң Айдана да парақшасына Бүркітпен түскен суретті салып, отқа май құйғандай болды.

https://www.instagram.com/p/BnDjCs4HQYu/?utm_source=ig_web_copy_link

Ол Семейге бара жатқан жолда үш рет транспорт ауыстырғандарын алға тартқан.

Желі қолданушылары болса екеуінің бірдей киініп алғанына аса мән беріп, бұл сурет әншілер тарапынан күдік туғызғанын жасырмады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар