ШҚО-да 14 жасқа толмаған қыздар маскүнемдер тізіміне енген
Шығыс Қазақстан облысында 14 жасқа толмаған екі қыз маскүнемдер ретінде тіркеуге алынған.
Статистикалық мәліметтерге сүйінсек, өңірдегі ішімдікке әуес әйелдердің 923-і 35-44 жастағы келіншектер болып шықты. Ал олардың 335-і алпыстан асқан қариялар екені анықталған екен.
Облыстық диспансердің ақпараты бойынша аймақта ішімдікке әуес 3076 әйел тіркеуде тұр. Ал араққа салынған қыз-келіншектер Семейде, Өскемен мен Риддерде, сондай-ақ, Шемонайха өңірлерінде көп болып шыққан.
Диспансердің бас дәрігері Хабдылманап Смағұловтың айтуынша, өткен жылға қарағанда биыл маскүнем әйелдердің саны 10,1% -ға азайыпты.