Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

9-шы алтын жеңіп алды: Азия ойындарында еліміздің қоржыны тағы бір жүлдемен толықты

9-шы алтын жеңіп алды: Азия ойындарында еліміздің қоржыны тағы бір жүлдемен толықты
ашық дереккөз
Қазақстан Азия ойындарындағы 9- шы алтынын жеңіп алды. Палембангта каное мен байдаркада ескек есуден Қазақстан командасы мәре сызығын бірінші болып кескен 
Палембангта каное мен байдаркада 500 метрге ескек есуден еліміздің атын қорғап, біздің спортшылар мәреге бірінші болып жетті.

Бұл сында ел намысын И. Голендов, С. Токарницкий, А. Дергунов, Е. Алексеев қорғаған.

Осылайша, отандастарымыз үздік уақыт көрсеткішімен алтын медальді жеңіп алды. (1.24.203)

Сайыс қорытындысы бойынша, күміс жүлдені Оңтүстік Корея (1.25.313) алса, қола жүлдені Иран құрамасы қанжығасына (1.26.939) байлады.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар