Басты жаңалықтар

Қайрат Нұртастың сүйіктісі қандай бағдарлама  жүргізетіні белгілі болды 

Жұлдыз Әбдікәрімова жүргізетін бағдарламаны елімізге белгілі журналист Дана Нұржігіт айтып қойды

Жұлдыз Әбдікәрімованың жүргізетін бағдарламасын Дана Нұржігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Сондай-ақ ол Жұлдызды сынағандарға жауап берді. Дана Нұржігіттің айтуынша, әріптесі "Шаңырақ" бағдарламасын тізгіндейтін болады. Оған қоса, бағдарлама тікелей эфирге шығатынын да жеткізді.

"Жұлдыз жүргізетін "Шаңырақ" бағдарламасы бір жарым сағат тікелей эфирде болады. Бұл кәсіпке жаңадан келіп жатқан адам үшін өте, өте үлкен сынақ және өте үлкен мектеп", -деді Нұржігіт.

https://www.instagram.com/p/BnFqg-unMP4/?utm_source=ig_web_copy_link