Тарихи матч: "Астана" Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды (видео)
"Астана" футбол клубы Кипрдің АПОЭЛ командасына қарсы өткен қарымта ойында жеңіп, Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықты
Ойын елордалық команданың стадионында "Астана- Аренада" өтті.
Ойынды "Астана" футбол клубы шапшаң шабуылмен бастаса, қарсыластары қорғаныс көбірек мән бөлді.
Бірінші таймның ортасында Марин Томасовтың тепкен добы қарсыласы Карлаоның қолына тиіп, бас төреші Якоб Кехлет ереже бұзылғанын аңғарып, пенальти белгіледі. 11 метрлік соққыдан Педро Энрике мүлт кеткен жоқ. Доп Ватерманн қорғаған қақпа торында тулады.
Екінші таймда қарсылас команда есепті теңестіруге тырысты. Алайда "Астана" ойыншылары да аянып қалмады.
56 минутта Ричард Алмейданың тепкен добын АПОЭЛ қақпашысы қайтарып үлгерді. Ал 70 минуттан аса қонақтардың шабуылда қарқыны артып, Ненад Эричтің қақпасына жиі шабуылдаумен болды.
Негізгі уақыт аяқталар тұста елордалық команда ойыншыларының қарымта шабуылы жергілікті жанкүйерлерді желпіндірген. Алайда гол соғылмады. Ойын 1:0 есебімен аяқталып, командалар топтық кезеңге шыққан команданы экстра-таймда анықтауға аттанды.
Бірінші экстра-таймда қонақтар шабуылдаумен болды. "Астана" қорғаныста ойнады. Ал 115 минутта Педро Энрикенің артқа берген пасы сәтсіз болып, қонақтар гол соғуға аз қалды.
Ненад Эрич алға шығып, допты қайтара білді. 1:0 есебі сақталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
Пенальти сериясында "Астана" қақпашысы Ненад Эрич ерледі. Екі бірдей пенальтиді қайтарып, командасын алға сүйреді. Қонақтардың екі ойыншысы допты қиыс тепті. Нәтижесінде, 2:1 есебімен "Астана" жеңіске жетті.
https://youtu.be/bnJwtracwDg