Басты жаңалықтар
Жүкті әйел жетінші баласын емтиханда босанып қала жаздады
- автор kyn.kz
- 31 тамыз, 2018
- 262
Ұлыбританияның 30 жастағы тұрғыны Линдси Потт 6 баланың анасы бола тұра, білім алуға әрдайым уақыт табады екен
Көпбалалы ана тарих пәнінің мұғалімі болуды армандайды. Арманына жету үшін оған Манчестер колледжін аяқтау керек екен.
Барлық сынақтардан өтіп, соңғы емтиханға жақындап қалған кезде, Линдси жетінші сәбиіне жүкті еді. Ағылшын тілі пәнінен емтихан тапсыруға барған ол сол күні толғақ басталатынын білмеген.
“Шынымды айтсам, емтихан үстінде босануға дайын болдым. Кішкене жеңілдесін деп, сыныпта әрі-бері жүрдім. Себебі дәл сол күні емтихан тапсырамын деп ниеттеніп бардым. Қолымнан келді”, – дейді әйел.
Емтиханнан кейін Линдсиді жедел жәрдем көлігі алып кеткендіктен, ол емтихан нәтижесінен хабарсыз еді. Араға екі күн салып, ол Поппи есімді қызын босанды.
Колледж ұстаздары Линдсидің табандылығына қайран қалғандарын атап өтті.