Айдар Тұрғанбек:Әйелімді алғаш көргенде, Алла Тағала бұдан асқан сұлу әйелді жаратпаған шығар деп ойладым
Әнші өзге жігіттерге бір әйелді өмір бойы сүю мен сонымен бір жастықта қартаюдың сырын айтты
Айдар Тұрғанбек "Менің әйелім бәрінен де сұлу" деген сурет жариялап, жантебірентерлік ойын жазды. "Ілгеріде бір жігіт елге танымал дана қартқа келіп, оған өзін қинаған үлкен бір мәселені айтып шағымданған көрінеді. Сондағы айтпағы мынау екен: – Мен әйелімді алғаш көргенде Алла Тағала бұдан асқан сұлу әйелді жаратпаған шығар деп ойладым. Сосын оған үйлендім. Қарасам, ол секілді әйелдер көп екен. Біраз уақыт өткеннен кейін одан да сұлу әйелдердің өріп жүргенін байқадым. Жылдар өткен сайын әйелімнің көркі мен тартымдылығы кеми берді, кеми берді. Басқа әйелдің барлығы мен үшін хор қызындай. Мұның сыры неде? – деп сұрайды. Сонда әлгі қарт: – Саған одан да сорақы, одан да қорқынышты бірнәрсе айтайын ба? Егер сен әлемдегі әйел атаулының барлығына үйленсең де сен үшін қызыл иек кәрі кемпір бәрінен сұлу көрінер еді», – дейді. Әлгі жігіт бұл сөзді қалжың деп қабылдап, күле бастайды. Сонда қарт сөзін жалғап: – Себебі, кемшілік сенің әйеліңде емес, кемшілік – қанағатсыз жүректе, көрсеқызар көзде, тойымсыз көңілде. Ұят кеткен көзді тек топырақ қана толтыра алады», – дейді. Сосын: «Жарыңның баяғы, әлемнің ең сұлу әйеліндей болған кезіне қайта оралғанын қалайсың ба? Онда көзіңді еркіне жіберме. Бөтен әйелдердің қасында назарыңды төмен салуды үйрен. Өйткені, көзді тыю – жанды демалдырады, кеудені тыныштандырады. Әйеліңді сәт сайын сұлуландырып, жаныңды шаттандырады. Сонда ғана әйеліңмен қанағаттанып, жанұяңды сақтайсың», – деген екен. Желі қолданушыларына бұл әңгіме үлгі болды. Тыңдарманы әншінің имандылығын айтып, таңғалып жатты. “Жақсы айтылған, ойланатын дүние”, “Алла жүрегіңіздегі иманыңызды күшейте берсін осындай әңгімелерден соң қаншама адамдардың көзін ашып қанағаттану сезімін оятып сауап жинадыңыз жанаттың төрінен орын бұйырсын иншалла”, – деп жазды оқырмандар. https://www.instagram.com/p/BnGpzAklb9n/?utm_source=ig_web_copy_link