70-ке таяған ата 20 жастағы жігіт қалпын сақтап жұртты таңғалдырды (фото)
Шанхайлық ата биыл 68 жасқа келгенімен, оны көргендер үнемі студент жігіт деп қалады екен
Ха Хая есімді Шанхай тұрғыны 1950 жылдың тумасы екен. Бала күнінде әкесі қайтыс болып, анасы 6 бауырын өзі тәрбиелеп өсірген. Ха Хая жастайынан көптеген спорт түрімен айналысыпты. Өзінің жас көрінуінің басты себебі- спортқа деген қызығушылығының арқасы деп біледі. Ха Хая жайлы екі жыл бұрын БАҚ бетінде жарияланды. Ол дарындылар байқауына қатысып, көрерменді таңғалдырды. Оны «ең заманауи ата» деген титулмен марапаттады. Содан бері телеэкранда, журнал мен сән әлемінде жүр. Ха Хая йогамен айналысатынын, медитация жасайтынын, күніне бір уақыт басымен төмен қарап тұратынын айтты. Сол себепті де бетіне көп әжім түсмпей, шашы сиремейтін көрінеді. Тек пайдалы тағамдар жейді. «Егер сіз өзіңізді кәрі санап, өлімге дайындалсаңыз, сіз қартая бересіз. Бірнәрсені үйрену үшін уақыт кедергі болмайды. Егер сіз қартайсаңыз да, жігеріңізді жоғалтпасаңыз, өмірден ләззат аласыз», – дейді Ха Хая.