Басты жаңалықтар

Қазақстандық волейболшы қыз сұлулығымен әлемді тамсандырып жатыр

Сабина Алтынбекова сияқты Кристина Карапетян Индонезия халқын сұлулығына тәнті етті

Қазақстандық волейболшы Кристина Карапетян Индонезиядағы Азия ойындарының көрермендерін әдемі күлкісімен баурап алған. Индонезиялық Tribun Jateng басылымы қазақстандық спортшы жұрттың назарын өзіне аударғаны туралы мақала жазды. Карапетян да "Ең сұлу спортшы" мәртебесін иеленетін секілді. Бұл атақ бұрын Қазақстанның тағы бір спортшысы Сабина Алтынбековаға тиесілі еді. "Жанкүйерлер Азия ойындарына  Алтынбекованың қатыспағанына реніш танытқан жоқ, Кристина Карапетян да хас сұлудың өзі", — деп жазды индонезиялық басылым.