Басты жаңалықтар

Алмас Алтай тікелей эфирде ерніне ботекс салдырған қызды сүйісуге шақырды (фото)

Бойжеткен: Былай ұстасаңыз қатты, ал сүйіскен кезде жұмсақ болып сезіледі.

Жетінші арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының жүргізушісі Алмас Алтай тікелей эфирде қонаққа шақырылған бойжеткеннің еріні мен төсін ұстап қалың көрерменді шошытты. Ол қыздың ерінін ұстап, ботекстің қатты екенін айтады. Ал бойжеткен болса қолмен ұстағанда қатты көрінгенімен сүйген кезде жұмсақ сезілетінін айтады. Жүргізуші болса тікелей эфирде отырғанын ұмытып кетті немесе өзіне жарнама іздеп қыздан ерінін сүйіп көруге рұқсат беруін сұрайды.

Мұны көрген қалың көрермен эфирдегі бағдарламалардың барлығы осылай анайы мәселелерге арналғанына ашынды. "Ата-анамызбен қатар отырып теледидер көруден қалдық. Бір бағдарлама басталса  жартысынан әрі қарай көре алмайсың. Шай ішіп отырған жерден қашып кетуге тура келеді.", "Енді мынау не сұмдық? Ұялмайды ма? Арна басшылары қайда қарап отыр?", "Осыны да халыққа көрсететін мәселе деп тапқан болсаңыздар, редактор, шығарылым редакторларына рақмет",-деген сынды пікірлер көптеп жазылған.