Ерсін Әміре: Би болған той арақсыз өткенімен халалға жатпайды
Белгілі исламтанушы тойларда айтылатын әндер мен арасында некесі жоқ адамдардың биіне шүйлікті.
Оның сөзінше тойда ақақ болмағанымен би болса ол адалға жатпайды екен. "Бастысы тойда арақ жоқ дейді. Бүгінде осындай хлал той дегенді адамдар жиі айтып жатады. Оны толық адал той, халал той деп айту қиын. Оны жартылай халал дейтін шығармыз. Немесе үштен бірі халал шығар. Бірақ ол толық халал той болып есептелмейді",- дейді Қазақстан Мұсылмандары Діни басқарманың ұстазы Ислам танушы Ерсін Әміре. Таныстар мен туыстардың тойдағы биі арам әдеттерге жатады екен. Таза ислам шариғаты бойынша тек араларында некесі бар әйел мен ер адам ғана билеуге болады екен. "Бөтен еркек пен бөтен әйелдің арасындағы махаббатты жарлайтын билер бар. Бұлардың ешқайсысы адал болып табылмайды.",- дейді Қазақстан Мұсылмандары Діни басқарманың ұстазы Ислам танушы Ерсін Әміре