Қазақстан Азиада медалистеріне қанша сыйақы беретіні анықталды
Күміс жүлдегерлерге берілетін ақшалай сыйлық Алтынға қарағанда екі есеге аз
Индонезияда өткен Азиада-2018 ойындарында отандық спортшылар 76 медаль иеленді. Алтын медаль иелеріне Мәдениет және спорт министрлігі 10 мың доллардан береді, деп хабарлайды Sports.kz . Ал "күміс" жүлде иегерлері бес мың доллардан алады. Сондай-ақ, қола медаль алғандарға 3 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілмек. Қазақстандық спортшылар Азиада ойындарында барлығы 15 алтын, 17 күміс және 44 қола медаль алды. Осылайша Қазақстан медаль саны бойынша тоғызыншы орында.