Шымкенттік танымал әнші салмағы 120 келі болатын оққағар әйелмен жүретін болған (фото)
Хадиша Сеитова озіне бірнеше мәрте шабуыл жасалып, тіпті бір ер адам өзін сүйреп кетпекші болғанын айтады
Танымал әнші Хадиша Сеитова қазір тойларға барған кезде елді тек өнерімен емес, қасындағы оққағарымен қайран қалдырып жүр. Себебі оның қорғаушысы әйел кісі. Бұрыннан спортпен айналысып, қалталы азаматтардың отбасы мен бала-шағасын күзеткен 40 жастағы әйел адам онымен таңнан түнге дейін бірге екен. "Ол кісіні мен өзімнің қауіпсіздігім үшін жалдадым. Әншіге көз қырын салып, күлімдеп қарайтындар көп. Бірақ, бірде мені ер адам тойда күштеп сүйреп алып кетпекші болды. Содан бастап тойға шығуға, тіпті көшеде жүруге қорқақтап қалдым. Содан оққағардың көмегіне жүгінуіме тура келді. Есесіне қазір ол кісі әйел адам. Мені адам ретінде түсінеді, маман ретінде қорғайды",- ейді әнші KYN.KZ тілшісіне берген сұхбатында. Хадиша Сейтова өңірге танымал, тойға сұраныстағы әншілердің бірі. Бірақ өнер адамы оққағарына қанша ақша төлейтінін құпия сақтап қалды.