Басты жаңалықтар

Төреғали өзі ренжітіп алған ағасымен тойда татуласты (видео)

Әншінің келіншегі үлкен кісілерге иіліп сәлем беріп, көпшіліктің батасын алды

Танымал әнші Төреғали Төреәлі бір жыл бұрын ағасы Алтынбек Қоразбаевтің концертіне қатысатынын айтып, келмей қалып өнердегі ағасын ренжітіп алған еді. Кеше ғана той жасаған жас әнші Нұрболат абдуллиннің тойында Төреғали  Алтынбек ағасымен  құшақтаса амандасып, көпшіліктің батасын алды. Жұр өзі ренжітіп алған ағасының саулығын сұраған әншінің әрекетіне қуанғандарын жазған. Ал оның келіншегі бір стөл басында отырған барлық үлкен кісілерге жеке-жеке иіліп сәлем беріп, нағыз қазақтың келініне сай қылық көрсеткені үшін әншінің тыңдармандарына ұнап қалды.