Басты жаңалықтар
Астанада әйел шаранасының зәрі мен нәжісі өз бойына тарап кеткендіктен қайтыс болған
- автор kyn.kz
- 4 қыркүйек, 2018
- 288
Денсаулық сақтау министрлігі Астанада перзентханада қайтыс болған әйелдің қайтыс болу себебін айтты
Дәрігерлер жыл басынан бері қайтыс болған бесінші әйелдің өліміне қатысты пікірі білдірді. Босанушы әйелге қандай диагноз қойылғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дәрігерлер науқастың қант диабетімен ауырғанын айтты. Оған «Қағанақ суының эмболиясы»диагнозы қойылған. Алайда бұл нұсқа әлі нақты емес.
«Жүкті келіншек қант диабетімен ауырғандықтан тұрақты түрде емделіп жүрді. Дәрілер қабылдаған. Бірақ инсулиндік терапиядан бас тартқан. Бойы 165 келі болғанымен, салмағы 95 келіден асқан. Бұған дейінгі екі баласын өзі босанғандықтан, дәрігерлер оның табиғи босануына жол берген. Әйелге «Қағанақ суының эмболиясы» диагнозын қойылды. Бірақ әлі де тексеріліп жатыр. Алдағы уақытта нақты диагнозы аталады», – дейді Астана қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова.
Қазақстанның штаттан тыс бас акушер-гинекологы, профессор Иван Корканның айтуынша, әйелге барлық көмек көрсетілгенімен оны құтқару мүмкін болмаған. Себебі «Қағанақ суының эмболиясы» диагнозы қойылған әйелдердің аман қалуы екіталай. Қағанақ суының эмболиясы – өте сирек дерт, 10-15 мың жүкті әйелдің бірінде ғана кездеседі. Бұл жағдайда әйелдің жүктілігі де, босануы да ауыр болады. Осы диагноз қойылған әйелдердің 90% көз жұмады.
«Бұл дертті алдын ала білу мүмкін емес. Қағанақ суындағы сәбидің тері бөліктері, нәжісі мен зәрі анасының қан ағысына түсіп кеткендіктен, дәрігер дер кезінде көмек көрсетсе де құтқару қиын болады. Қан ағысына аз зиян келген жағдайда ғана әйелді аман алып қалу мүмкіндігі бар. Бұл әлемдегі статистика бойынша солай», – дейді Иван Коркан.
Иван Корканның айтуынша, марқұм әйелдің жүрегі тоқтаған сәтте дәрігерлер кесір тілігін жасап, баланы босандырған. Қазір нәресте ауыр жағдайда болғанымен оңалып кету мүмкіндігі мол.