Далаға кеткен ақша: қоқыста жатқан гүл шоқтары көпшіліктің ашуын келтірді
Көпшілік оқушылар мен ата-аналар ақшаны гүлден пайдалырақ дүниелерге жұмсау керектігін айтып жатыр
Желіде мектеп маңындағы қоқыс жәшіктері толып, сыртында шашылып жатқан гүл шоқтарының суреті пайда болды. Суреті көрген жұрт есіл ақшаның далаға кеткеніне қайран қалып, ашынуда. Суреттен қарасаңыз Білім күні құны үш мың теңгеден жоғары бағаланған гүлдер. Себебі сол күні гүлдің саудасы жүріп, Астана мен Алматы сынды ірі қалаларда бір раушан гүлі мың теңгеден төмен сатылмайды. Ал түрлі-түсті қағазға оралған ең азы үш бас гүлдің арзаны 3000 теңгеден. Әр оқушы бірінші күннен бастап мұғалімге сүйкімді көрінгісі келуді қалайды. Үлкендерге мектепке гүлсіз барғысы келмейтінін де айтады. Ал бір бала гүл алып бармаса өзін өзгелердің алдында төмендеу көретіні айтпаса да түсінікті. Бұл жағдай қала тұрмақ әр аудан мен ауылдардада бар. Мына суретті көрген халық ұстазды сыйлаған дұрыс бірақ қаншама пайдалы дүниеге жарайтын қаржыны қоқысқа лақтырасалу әділетсіз деп есептейді. "Гүл берген жақсы. Бірақ бір күн тұрып солып қалады. Мына суретті көріп, жүрегім ауырып кетті." "Ащы шындық. Шынында ақшамызды қоқысқа жұмсап, пайдалы дүниелерді түсіне бермейтініміздің ашық бейнесі." "Барлық адам ақшаны жұмсаудың көзін білсе, соны мектеп жасынан балаға үйретсе қаншама бай адамдар саны артатын еді. біз өз балаларымызға соны үйретпесек несіне жақсы тәрбие беріп жүрміз деп айтамыз?." деген сынды түрлі пікірлер осы суретке қатысты көптеп жазылды.