Басты жаңалықтар

Түркістан облысында оранған оқушылар өздерін мектепке кіргізбеген мұғалімдерді ұрды (видео)

Ал орамал таққан қыздардың туыстары ұстаздарды қыздарға қол тигіздіңіз деп айыптап, полиция шағымданатындарын айтқан.

Түркістан облысындағы мектептердің бірінде алғашқы оқу күні шу болды. Онда орамал таққан оқушыларды мұғалімдер мектепке кіргізбей қойған. Ал оқушылар болса күш қолдана отырып, сыныптарына барып жайғаспақшы болады. есікті тарс жауып қарсы болған ұстазды оранған оқушы қыздың бірі ұрып та алады. "Орамалды бәрібір шешпеймін" деген оқушы қыз өзін мектепке кіргізуді талап етіп, айқай салып жылайды. Оранған оқушылардың туыстары да мектепке бірге келген екен. Олар болған жайтты видеоға түсіріп, мұғалімдерді "Қыздарға қолыңызды көтердіңіз, қол тигізбеңіз" деп жала жаппақшы болады. Әрі үстілерінен полицияға шағым түсіретіндерін ескертеді.

Ал бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан сағадиев оқытушылардың заңға сай әрекет еткенін айтты. Себебі мұндай жағдай еліміздің бірнеше өңірінде орын алған. Әсіресе  Түркістан облысы, Алматы облысы, Ақтөбедегі мектептерде осы мәселеге орай шу болыпты. "Мектептерде хиджабқа тыйым салынған. Біздің позициямыз өзгерген жоқ", — деді министр.