Басты жаңалықтар

Ақтөбеде «Алтын белгі» иегері мектеп оқушысын неге өлтіргенін айтты

Аты шулы іс бойынша Ақтөбеде алғашқы сот отырысы болып өтті. Онда күдікті өз әрекетін түсіндірді.

Күдікті  физика-математика мектебінің түлегі Бекназ Кеңшілік қаладағы басқа мектеп түлегі Азат Дүсіповты өліміне күдікті ретінде сотта жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Bnews.kz. Күдіктінің сөзінше, би алаңында ол Азат Дүсіповтың аяғы басып кеткен. Марқұм күдіктінің осы әрекетін кешіре алмаған. «2-3 күннен  кейін маған хат жазып, кездесуіміз керек екенін түсіндірді. Себебін сұрағанымда, аяғын басып кеткенім үшін жауап беруім керек деді. Мен ондай жағдай бәрінде болады деп түсіндірдім де, кешірім сұрадым. Алайда ол жеке сөйлескісі келді», – дейді Бекназ. Екі жігіт аттесат тапсыру кешінде кездеспек болады. Ол жерде Азат мәселені шешуге тырысқан. Бірақ адам көп болғандықтан аяқсыз қалады. Бекназдың айтуынша, кейінірек үй ауласында кездеседі. Азатқа Әлібекованы шығарып салып, қайтып келетінін айтқан. Алайда Дүсіпов оны шетке алып шығып, жұдырық жұмсайды. Айыпталушының айтуынша, Дүсіпов оның анасын айтып балағаттаған. Ашуға булыққандықтан Бекназ қалтасынан пышақ алып, сұғып алады. «Мен тек пышақпен қорқытқым келді. Бірақ ол қорыққан жоқ. Ол менің ең қымбат адамымды айтып балағаттағандықтан, қатты аушыландым. Қылмыс жасағанымды білем. Ата-анасы мен жақындарынан кешірім сұраймын. Мен Азатты өлтірем деп ойлаған жоқпын», – деді сотта күдікті.