Басты жаңалықтар

Оралда жоғалып  кейін өлі денесі табылған қыз соңғы рет сүйіктісіне хат жазған

Бойжеткен өзіне қол салмас бұрын жігітімен ұрысып қалған екен

Қыз өлуге шешім қабылдағаннан кейін жігітіне хат жазып өтініш білдірген, деп жазды  Мой город. БҚО ІІД бірінші орынбасары Асылғали Меңдіғалиннің сөзінше , қыз 1 қыркүйекте жоғалған. Үш күн бойы  полиция бойжеткенді іздеу жұмыстарын жүргізген. Тек үш тәуліктен кейін ғана  Шаған өзенінен өлі күйінде табылған. Мәйітте қинау белгілері байқалмапты. “Бойжеткен жоғалар алдында сүйіктісімен ұрысып қалған. Кейін оған смс-хабарлама жолдаған. Онда қыз жігіттен өзінің інісіне қарайлауды өтінеді. Өзінің алыс жаққа кететінін жазған”, – дейді Асылғали Меңдіғалин.