Басты жаңалықтар

Айсәуле "Қазақстан" арнасындағыларды тыңдамай эфирге жалаң бұт шыққанын айтып мақтанды

Көпшілік үстіне спорттық күрте ғана киген Баянның қызы қатысқан "Түнгі студия" бағдарламасын эфирге шығармауды сұрап отыр.

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек бүгінде Қазақстанда ең танымал блогерлердің бірі. Ол қаласа жалаңаш түскен суреттерін де желідегі парақшасына жүктеп, халықпен қайтпай ұрысып отырады. Бірақ енді тұрмысқа шыққалы отырған Айсәулені анасының туыстары мен тіпті атасы, әжесіде қолдайтын сыңайлы. Себебі, халық қанша "ұят" туралы айтқанымен бойжеткен өз бағытынан қайтқан емес. Таяуда ғана Қазақстан Ұлттық арнасындағы "Түнгі студия" бағдарламасына қонақ болған қыз өз оқырмандарына эфирге өзі қалағандай қысқа тіпті күртесінен көрінбейтін шолақ шалбар киіп түскенін айтып мақтанып қалды. "Мен "Түнгі студия" бағдарламасын елдегі жалғыз "тірі" бағдарлама деп ойлаймын. Жайшылықта тв арналар түсірілімге шақырса бірден бас тартамын. мен түскен бағдарлама Головкиннің жекпе- жегінің алдында эфирге берілетін болғандықтан осылай киінуді жөн көрдім. Бұл күртенің өзімнен күйеу жігітімнен сұрап алдым. Шынымды айтсам "Ұлттық арнада бұлай болмайды" деп киімімді ауыстыруды сұрады. Бірақ мен өз қалауымды жасадым. Біз осы заманның жастарымыз, қалауымызды істейміз. Менің ұстанымым сізге қалай?",-деп жазды  Айсәуле Бақытбек. Міне осыдан кейін халық Айсәуленің тәрбие көрмегенін, анасына тартқан бірбеткей екенін ашына жаза бастады. Ал бойжеткенді ащы сынай түскендерге анасының сіңлісі Бағым қарсы шықты.   "Өз балаларыңызды тәрбиелейберіңіздер. Біреудің жеке басы мен анасына, отбасына тіл тигізуге  құқықтарыңыз жоқ",- деп жазды Бағым Мухидденова.