Басты жаңалықтар
Айырбастау пункттерінде доллар 373 теңгеден сатылып жатыр
- автор kyn.kz
- 5 қыркүйек, 2018
- 204
5 қыркүйектегі жағдай бойынша доллардың ресми бағамы, Ұлттық банктің мәліметінше, 367,52 теңге болып бекітілді
Айта кетейік, бір күн ішінде ұлттық валюта 2,58 теңгеге арзандады. Ең төменгі мөлшерлеме 368,5 теңге, ең жоғарғысы 369,9 теңге деңгейінде қалыптасты. АҚШ валютасымен сауда көлемі 143 миллион 850 мың долларды құрады. Валюта операцияларымен жасалған мәмілелер саны – 272.
Ұлттық банктің мәліметінше, доллардың ресми бағамы 367,52 теңге болып бекітілді.
Алайда Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттері долларды 373 теңгеден сатып жатыр.
kurs.kz сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, биылғы жылдың 1 қаңтарында Қазақстанның айырбастау пункттерінде АҚШ валютасының құны 334 теңге болған. 9 ай ішінде доллар 36 теңгеге қымбаттады.