Басты жаңалықтар
Роза Рымбаева бетіне пластикалық ота жасатқаны жайлы ашық айтты
- автор kyn.kz
- 5 қыркүйек, 2018
- 185
Әнші: Пластикалық отасыз күн жоқ, дегенмен оған тәуелді болып қалмауға тырысу керек
Әнші өткен жылы ғана 60 жасқа толған мерейтойын тойлаған еді. Ол өзінің осындай жас көріну құпиясын алғаш рет "Собеседник" басылымына берген сұхбатында ашық айтты.
"Менің жасымда әр әйел бетін күтіп, әжімдермен күресуі керек. Оның үстіне әртіс ретінде үнемі әдемі, өзіме сенімді әрі жас көрінуім керек.
Әрине менің жаратылысым мықты. Оған қоса қазір хирургиялық мүмкіндіктер өте жоғары. Мен пластикалық отаға тәуелді емеспін, бірақ онсыз түк болмайды. Пластикалық ота жасатар кезде өте абай болу керек. Оны жасағаныңызды ешкім білмегені жөн",- дейді әнші.