Басты жаңалықтар

"Түнгі студиядағы" танымал блогер кім үшін жұмыстан шығарылғаны белгілі болды (фото)

Енді танымал бағдарламаның тізгінін актер Қайрат Әділгереймен бірге тележүргізуші Диана Қырықбай ұстайтын болды 

Осыдан бір ай бұрын "Түнгі студия" бағдарламасының жүргізушісі Элвира Ерғалина жұмыстан шығарылғанын мәлімдеп, желіде шу тудырған болатын. Желі қолданушылары блогердің орнын кім басуы мүмкін екенін ойлап, бұл мәселені қызу талқыға салған еді. Көпшілік өзінің жұмыс орнынан не себепті айырылып қалғанын түсіне алмаған белгілі блогер Элвира Ерғалинаның орнына Аша Матай келеді деп болжады. https://www.instagram.com/p/BmxbrNEli-Y/?utm_source=ig_web_copy_link Алайда, жаңа мауысымы басталған "Түнгі студияның" жаңа тележүргізушісінің кім екені енді анықталды. Бағдарламаны "бұрышта" тұрып Диана Қырықбай жүргізетін болды. "Сәлем достар! Кеше Қазақстан арнасының Түнгі студия бағдарламасында ең алғашқы эфирімді бастадым! Көңілдеріңізден шығады деген ойдамын!  Ұсыныс түскен кезде, ойланбастан ең сүйікті 10 жыл тұрған Алматымнан, елордамыз Астанаға көшіп келдім. Өкінбеймін! Өйткені, Түнгі студия ұжымын бірінші күннен бастап жақсы көріп қалдым!"- деп жазды Диана өзінің желідегі парақшасында. https://www.instagram.com/p/BnS6qb1lYX6/?utm_source=ig_web_copy_link  

Айта кетейік, отандық тележүргізуші бұған дейін "Хабар" арнасында қызмет еткен.

https://www.instagram.com/p/BnVaVC9Fzat/?utm_source=ig_web_copy_link

Диана Қырықбай бұл бағдарламаның жүргізушісіне арналған кастингтен өту оңай болмағанын айтты.