Басты жаңалықтар

Түймебаев тойханалардың көбейіп кеткеніне алаңдап, оның атауын "Қабылдау үйі" деп өзгертуді ұсынды

Түркістан қаласында бизнес өкілдерімен өткен кездесуде облыс әкімі Жансейіт Түймебаев кейінгі кездері тойханалардың көбейіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді. Тіпті облысы әкімі тойхана деген сөзден бас тартуды да  ұсынды

"Бір ғана Түркістан қаласының өзінде 66 тойхана бар екен. Тойхана салуды тоқтату қажет.  Базар, тойхана салатын заман өтті. Мен тойхана деген атаудың өзін ауыстыруды ұсындым. Оны Қабылдау үйі деу керек шығар", - деді өңір басшысы.

Облыс әкімінің ұсынысына жергілікті депутат-кәсіпкерлер қолдау білдіріп,  жаңа орталықта қызмет көрсету нысандарын көбірек  салуға уәде етті.

Мәселен белгілі бизнесмен, облыстық мәслихаттың хатшысы Қайрат Балабиев Түркістанға фитнес клуб салып беруге уәде етсе, депутат-кәсіпкер Серікжан Сейітжанов киелі қалада "Риксо" бесжұлдызды қонақ үйдің құрылысын бастап кетіпті.