Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балаларын қазақша сөйлете алмаған елордалық келіншек көпшіліктен көмек сұрады 

Балаларын қазақша сөйлете алмаған елордалық келіншек көпшіліктен көмек сұрады 
ашық дереккөз
Астаналық Бақыт Саяқова балаларын ана тілінде сөйлете алмай, ұлт жанашырларын қол ұшын созып, көмек беруін сұрады

Туған балаларын ана тілінде сөйлете алмаған елордалық келіншек өзінің жанайқайын жеткізу үшін әлеуметтік желіде арнайы тікелей эфир жасап, басына түскен жағдаймен бөлісті.

«Тікелей эфир арқылы қоғам белсенділері мен ұлт жанашырларынан көмек сұрағалы отырмын. Мендегі мәселе: екі қызым орысша сөйлейді, қазақша сөйлеуге құлқы жоқ. Балабақша қазақша болғанымен, ондағы балалар бір-бірімен орысша сөйлеседі екен.

Бұл мәселелені шешудің жолы: қазақ тілінде мультфильм көрсететін канал болса деймін. Себебі, бала қай тіліде мультфильм көрсе, соған бейім болып өседі екен. Ал бізде тек қазақ тілінде мультфильм көрсететін канал жоқтың қасы.

Ал «Балапан» каналын мектеп жасына дейінгі жастағы балалар көрмейді. Ондағы бағдарламалар мектеп жасындағы балаларға арналған. Өз үйінде балаларына қазақша сөйлете алмады деген ұят жағдай.

Бірақ «Ауруын жасырған өледі» дейді. Осы мәселені жоғары деңгейде көтеріп, барлығымыз қазақ тілінің дамуына үлес қоссақ деймін. Сол себептен басымдағы жағдайды айтып, сіздерден көмек сұрап отырмын», – дейді екі баланың анасы.

Оған қоса, Бақыт Саяқова бұл мәселені өткен жылы да көтеріп, тиісті жерлерге хат жолдағанын айтты. Алайда, оның бастамасы еш нәтижесіз қалан. Басқа амалы қалмаған ана енді көпшіліктен қазақ тілінің дамуына үлес қосуға шақырды.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар