Семейде 10 жыл жарық пен ауыз сусыз отырған тұрғындар жанайқайын жеткізді
Семейдегі Комсомол және Ұшақтар кентінің тұрғындары 10 жылға жуық жарық пен ауыз суға зәру
Семейде Ұшақтар кентіндегі 150-ден астам отбасы ауыз су мен жарыққа зәру болып отыр. Амалдары таусылған тұрғындар жарықты жақын маңдағы тұрғын үй иелерінен сұрап, тартып алып отыр. Оның өзінде ток күшін көтермегендіктен жарық өшіп қалады екен.
Халықты арманы - мемлекеттің электр қуаты желісіне қосылу. Ал ауыз суды тұрғындар тасып ішуге мәжбүр.
Ұзақ жылдар әкімдіктегілерден көмек сұрап келе жатқан тұрғындардың жағдайы жергілікті билік өкілдеріне таныс. Дегенмен, қаржы мәселесі қолбайлау болған екен. Кент тұрғындарымен кездескен қала әкімі мәселелерді жыл соңына дейін шешуге уәде етті.
"Биыл байқау жариялап, тендер өткіземіз. Мердігер мекемені таңдағаннан кейін жұмысқа кірісеміз. Бірақ жарық мәселесі келесі жылы толық шешілетін болады. Ал су мәселесіне 10 күннің ішінде кірісеміз. Бұл жұмыстармен айналысатын мердігер дайын. Жыл соңына дейін", - дейді Ермак Сәлімов.