Басты жаңалықтар

40 астам қызметкер жұмыстан қуылды: Павлодар облысының балабақшасында шу шықты

Екібастұздың балабақшасында жаңадан келген басшылық қызметкерлерінің онсыз да аз жалақысынан пайда тауып, бұл шартпен келіспегендерді жұмыстан шығарып отырды

Қарлығаш Жолдасова атышулы балабақшада 9 жыл бойы үздіксіз еңбек еткен. Бірақ, өткен айда жұмыстан шығуға мәжбүр болыпты. Айтуынша, биыл қаңтар айында балабақшаға жаңадан меңгеруші болып келген басшысы онсыз да аз жалақысы есебінен пайда тапқан. "Менің өз басымда, 22 мамыр күні 48 мың жазып, 13300 теңгені  бас есепшіге апарып берсін деді. Ол кісінің айтуынша, 0,5 ставканы тәрбиешіге беруі тиіс болатын, Сосын уақыт өтті мен бір жұмы өткеннен кейін, мен ол тәрбиешіні көргенде, ол айтты. «маған ешқандай ақша берілген жоқ» деп. Соны  барып, бастығыма айтқанда, ол маған ұнамаса жұмыстан шығып кет деп қысқа қайырды"- дейді жұмыссыз қалған Қарлығаш. Аспазшының айтуынша,  кезінде балабақшада 60 шақты қызметкердің болғандығын айтады. Бірақ, жырты жылда оның жартысынан астамы мәжбүрлі түрде жұмыстан кеткен. Салдарынан, мекемеде маман жетіспейді. Ал олардың жалақысы жүріп жатыр, деседі. Аспазшының бұл сөзін балабақшаға баласын апарып жүрген ата-аналар да растап отыр. Бірнеше айға созылған бассыздықтарға күні кеше ғана шара қолданылған екен. Балабақша директорына қатаң сөгіс жарияланған. Алайда ол өзіне жабылған жаламен еш келіспейді. Ал Екібастұздағы бұл жағдай Астанадағы Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне де келіп түскен. Бүгінде аталған түрлі шағымдарға байланысты жоғарыдан арнайы тексерістер де басталған. Себебі, атышулы балабақшаның пайдалануға берілгеніне 9 жыл өтсе де, күні бүгінге дейін онда бір де бір рет қаржылық тексерістер жүргізілмеген екен.