Заңгер: Шымкенттегі оқушылары орамалын шешпей отырған аулда сәләфизм өршіп тұр
Танымал заңгер Фердауси ауылындағы былыққа шенеуніктердің кінәлі екенін айтып, ауылдағы бар былықты жайып салды
Танымал заңгер Айгүл Орынбек осыған дейін Фердауси ауылына барып, дін мәселесі бойынша талай былықты байқап қайтқан. Тіпті құзырлы органдарға осы жағдайды ескертпекші болып, өз өміріне қатер төндірген қорқытуларға тап болыпты. "Фирдауси ауылы 100% орамал жамылып келген! Мектептің бұндай жағдайымен бір жылдан бері таныспын! Ауылдың осы жағдайға жетуіне жергілікті атқарушы билік пен ішкі істер бөлімі, ұлттық қауіпсіздік комитеті кінәлі! Тәжік ауылы бәрін ақшамен шешіп үйреніп қалған, өздері би, өздері қожа! Ешқандай заңға бағынғысы келмейді. Барсаң бірден ұлттық алауыздық туғызып жатсың деп өзіңе жармасады! Ескі мектептерінде білім болмаған, қазақ тілін үйретпеген балаларға! Аттестатты аямай сатқан бұрынғы директорлары! Осылай жемқорлыққа толы қоғамда мемлекет ішінен, мемлекет құрып өз заңдарын шығарып алған ауыл пайда болған. Оған жергілікті аудан, ауыл құзырлы органдары кінәлі!