Отандық эстрада жұлдызы адамдармен дұрыс қарым-қатынас түзе білудің құпияларымен бөлісті
Аиша: Бала күнімде естіген сөз бүкіл өміріме сабақ болды
“Бала күнімде маған біреу (анам шығар, себебі анам мейірімділіктің жақтасы): “Өзіңе қандай қарым-қатынас жасалғанын қаласаң, сен де басқаларға солай жаса”, – деген еді. Баршамызға аян қарапайым ғана шындық. Мұнымен жаңалық аштым деп ойламаймын. Бірақ осы тіркес миымда қалып қалды. Кез келген даулы немесе жай ғана оқиғада осы сөзді еске аламын. Бұл өмірде көп көмегін тигізеді. Адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, оларды түсінуге, жақсы көруге ықпалын тигізеді. Бірдеңе айтпас бұрын немесе жасамас бұрын осы сөзді еске алыңыздар”, – дейді Аиша. Желі оқырмандары Аишаның жазбаларын қызыға оқитынын айтып, алғыстарын білдірді. “Сіздің әр жазбаңызды қалдырмай оқимын. Сондай ақылдысыз”, – деп тамсанды оқырмандардың бірі. “Әр постыңыздан үйренетін нәрсе бар”, – деп қоштады екіншісі. https://www.instagram.com/p/BnL9TqxBWaD/?utm_source=ig_web_copy_link