Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маған қиынға соқты: Белгілі актриса Данагүл Темірсұлтанова “Тамаша” театрынан не үшін бас тартқанын айтты

Маған қиынға соқты: Белгілі актриса Данагүл Темірсұлтанова “Тамаша” театрынан не үшін бас тартқанын айтты
ашық дереккөз
Отандық актриса Данагүл Темірсұлтанова кезінде “Тамаша” театрында ойнаудан екі рет бас тартып, тек үшінші рет сұрағанда ғана рұқсатын берген 
Данагүл Темірсұлтанова өзінің басынан өткен қызықты оқиғасымен бөлісті. Актрисаның айтуынша, ол "Тамаша" театрында ойнаудан екі рет бас тартқан көрінеді. Тек Ұлықпан Есенов үшінші мәрте ұсыныс жасаған кезде, өнердегі ағаларының қолқа салуымен келісімін беріпті. “Көбі ойлайды, комедияда ойнаған оңай деп. Бірақ ондай емес. Комедияда қатты ойнап қойсаң, көрермен қабылдамайды. Сондықтан маған қиынға соқты. Басында 1-2 рет “Тамашаның” президенті Ұлықпан Есенов шақырған кезде мен барған жоқпын. Кейіннен Құдайберген, Мейірбан, Тоқсан ағаларымыз: “Айналайын-ау, сені шақырып жатыр ғой. “Тамашаға” анау-мынау қыздарды шақырмайды, сені сахнадан көрген, сондықтан шақырып жатыр. Бір бармапсың, екі бармапсың. Дана, мұның дұрыс емес”, – деді. Мен менсінбегендіктен емес, жүрексініп бармадым. Анадай үлкен ағаларыммен қалай партнер боламын? Оның үстіне, комедия ойнап көрген емеспін. Әрине, қалай ойнаймын деген күдік болды”, – дейді Данагүл Темірсұлтанова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар